jasqazaq.kz

Елді шулатқан полицей ақыры жұмыстан кетті (видео)

03 қантар 2019, 11:54

Қарағандыда мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жоғарғы шенді полицей жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Тәртіптік комиссияның шешімімен Қарағанды академиясының бірінші курс басшысының орынбасары А.Р. Тастайбеков мемлекеттік қызметтің беделін түсірген қылығы үшін ішкі істер органдарынан теріс пиғылмен жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшысы мен оқу орнының басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Алмас Сәдубаев. Еске салайық, Шенді ер адамның өз әріптестерін 2019 жылмен құттықтау видеосына қатысты ІІМ өкілдері пікір білдірді. Таралып жатқан видео Қарағандыдағы ҚР ІІМ академиясында түсірілген. Видеода сөйлеп тұрған — бірінші курс басшысының орынбасары өз әріптестерін құттықтаған. «Мұны (видео — авт. түсіндірмесі) 2018 жылы 31 желтоқсанда Қарағандыдағы ІІМ академиясында бірінші курс басшысының орынбасары түсірген. Осыған қатысты, қызметтік тексеріс жүгізіліп жатыр, соның нәтижесінде осы қызметкер және оның басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылады, оның ішінде жұмыстан босатылу туралы шешімі де бар», — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Ждем комментариев от астанинской «братвы»✊

Публикация от Казаxстан | НОВОСТИ ДНЯ 24/7 (@today_kz)

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер