jasqazaq.kz

Елді шулатқан «Менттер үйі»

15 тамыз 2018, 10:01


Желіде тарап кеткен «Менттер үйі» деген жазуы бар ғимараттың Түркістан қаласында орналасқаны анықталды. Ғимарат «Менттер үйі» емес, «Департаменттер үйі» деп аталады екен. Белгісіз біреулер маңдайшадағы жазу ілініп жатқан кезде суретке түсіріп алып, оны желіге таратып жіберген.
NUR.KZ. жазғандай, «Сурет ғимарат атауын орнату кезінде түсірілген. Негізінде ол «Департаменттер үйі» деп аталады. Аталған ғимаратта Түркістан облысының департаменттері орналасатын болады. Бұл суретті кім және қандай мақсатта түсіріп алғаны түсініксіз», — деп түсінік берді Түркістан облысы әкімдігі.
Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласына көшіп жатыр. Облыстық әкімдікке қарасты әр ғимараттың маңдайшасына оның атауы да орнатылуда.
Еске салсақ, желіде «Менттер үйі» деп аталатын ғимараттың суреті таралып, оның Астанада орналасқаны айтылған еді. Сонымен бірге, қазақстандықтар бұл ғимарат полицейлерге арналған жатақхана деп болжаған еді.
Алайда елорда әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді