jasqazaq.kz

Елдегі бүкіл бетпердені Қытайға сатып жіберген

06 ақпан 2020, 21:19

 Отандық өндірушілердің осы әрекетінен елімізде медициналық бетперде тапшылығы туындапты. Соған байланысты оны шетелге экспорттауға шектеу қойылды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

— Бетперде өндірушілер мен дистрибьюторлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді. Олар барлық қорларын Қытайға сатқан. Осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салып отыр. Отандық өндірушілер халық сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандықтан, біз шетел өндірушілерімен бетперде алуға осындай жоспар құрып отырмыз.

Тапшылық кесірінен еліміз медициналық бетперделерді енді сырттан сатып алмақ. Ал жалпы, 6-шы қаңтардан бері елімізге Қытайдан келген азаматтар ішінде жүзден астам адам қауіпті вирус күдігімен ауруханаға жатқызылса, олардың 80-нен астамы қазір үйіне жіберілген. Яғни, еш белгі табылмаған. Дегенмен әлі де 30 адам дәрігерлердің бақылауында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия