jasqazaq.kz

Елде ет пен нан қымбаттауы мүмкін

13 желтоқсан 2019, 10:20

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда алдағы уақытта ет пен нанның қымбаттауына не себеп болатынын айтып өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қарашада жылдық инфляция біздің күткенімізден төмен қалыптасып, 5,4 пайыздық көрсеткіште болды. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», — деді Досаев бүгінгі Үкімет отырысында. ҰБ төрағасының айтуынша, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр. «Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда