
Коронавирустың екінші толқыны 160 мыңнан астам адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай болжам жасап отыр.
Министр Біржан Нұрымбетов бұған қатысты еңбек ресурстарын дамыту орталығының деректерін келтірді. Ондағы болжам бойынша, егер желтоқсан айында қатаң карантин режимі қайта орнаса, шамамен 4 миллиондай адам жұмысын сақтап қалады. Екі жарым миллион адам қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Тағы 2 миллион адамның амалсыз жұмыс уақыты қысқарады. Немесе ақысыз демалысқа кетеді. Ол сауда, көлік, қоғамдық тамақтандыру орындары сияқты салалардың өкілдері болатын сияқты. Бұлардан бөлек, 160 мыңнан астам адам қысқартуға ұшырауы мүмкін.
ktk.kz