jasqazaq.kz

Елбасының шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінеді?

30 қазан 2019, 11:10

Елбасының шетелдік сапарларына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды. Біркүндік ақы Елбасының баратын еліне және сондағы күнкөріс деңгейіне байланысты төленеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Еуропа елдерінде күнкөріс деңгейінің жоғары болуы себепті, Елбасына бір күнге 100 доллар беріледі. Азия елдеріне 80 доллардай. «Тұңғыш президент Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқарып отырғаннан кейін елдің атынан шетелдік сапарларға жиі шығып тұрады. Барлық шығыны заң аясында жүзеге асады», — деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. Мұндай төленетін кез келген сапарға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және барлық мемлекеттік қызметшілер де шыға алады. Барлық шығынды бюджет көтереді.

Мұхтар Тілеуберді, Сыртқы істер министрі:

— Үлкен «Шетелдік сапарлар» деген бап бар. Іссапар шығындары сол бапқа сәйкес төленеді. Белгіленген шектеулер көрсетілген кесте де бар. Еуропа елдерінде күнкөріс деңгейі жоғары, ол жақта 100 доллар болса, Азия мемлекеттерінде – 80 доллар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда