jasqazaq.kz

Елбасының алғашқы ұшқышы соңғы рейсін орындады

08 маусым 2020, 10:55

     5 маусым күні әуе кемесінің командирі Ербол Оспанов 65 жасқа толуына орай, «Лондон-Алматы» бағытында жүк таситын рейс орындап, авиация саласындағы еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шықты. Ұшқыш өз қызмет жолында көк жүзінде 21000 сағат өткізіпті.  Air Astana әуекомпаниясының ұжымы мен Алматы әуежайының басшылығы ұшқыштың ерен еңбегіне алғыс айтып, командирге гүл шоғы мен естелікке Boeing 767 ұшағының шағын үлгісін сыйға тартты.

Ұшқышты марпаттау салтанатына  алматылық бірқатар БАҚ өкілдері мен қатар Jasqazaq.kz тілшісі де қатысып қайтқан болатын. Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер: « Әуекомпания басшылығы Ербол Оспановқа компанияның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдіреді. Ол Қазақстандағы заманауи Boeing авиалайнерінің тізгінін ұстаған алғашқы ұшқыштардың бірі.  Ол Air Astana-ның  Орталық Азиядағы жетекші әуекомпаниясына айналу жолында аянбай тер төкті. Еліміздегі авиацияның дамуына қосқан үлесіне баға жетпейді.  Ербол Оспановқа мықты денсаулық, мәнді де сәнді ғұмыр тілейміз» -деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Ербол Оспанов 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Ұшқыш қызметін 1972 жылы Ресейдегі Краснокут ұшқыштар мектебінің кадет офицері ретінде бастаған.

1985 жылы Ленинград қаласында Азаматтық авиация академиясының командирлер факультетін аяқтап, инженер-пилот мамандығын меңгерген.

2002  жылы әл Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің құқық бакалавры дәрежесін алған. Ербол Оспановтың авиацияда қызмет еткеніне 50 жыл. Осы аралықта ол Шеффилд аэронавтика мектебінде (Флорида АҚШ) және Канада әуекомпанияларында оқып, АҚШ (FAA ATPL) және Канада (Transport Canada ATPL) ұшқыш куәліктерін алған.

1992-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті флотының бас ұщқышы болды. 2005 жылдан бері Air Astana әуекомпаниясында Boeing 757/767 нұсқаушы-командирі ретінде қызмет атқарған. Сонымен қатар әуекомпанияның үкіметтік, заңнамалық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аға вице-президенті қызметін атқарған.

Журналистерге сұхбат берген Ербол Оспанов: « Бүгін менің коммерциялық авиацияның командирі ретіндегі мансабым аяқталды. Бұл мен үшін  ұмытылмас  ереже.  Авиацияда дәреже маңызды емес, маңыздысы- қауіпсіздік. Менің артымда жүк самолетіне айналған Boeing 676-300 ұшағы тұр. Ең қызығы, менің 1972 жылы алғашқы ұшуым Ан-2 жүк ұшағында болған.  Бұл мүмкін сәйкестік болар. Бүгін мен Лондонға гуманитарлық көмек — 3 миллион маска мен желдету құрылғысын жеткіздім. Ал 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөлге вакциналар жеткізген болатынмын» — деді.

Авиация ардагері журналистерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған қызық оқиғасын айтып берді.

Ол: «Бұл 1995 жылы сәуір айының ортасы — Елбасының Оңтүстік Кореяға алғашқы мемлекеттік сапары еді. Қытайдан ұшып бара жатып Елбасы маған Қытай мемлекеттік кеңесінің төрағасына құттықтау жеделхатын жіберуді бұйырды. Мені Президент кеңсесіне шақырған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев мырза оның жанында отырды.  Ол сол кезде сыртқы істер министрі болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы жеделхатты ағылшын тіліне аударды. Ұшқыш Қытайдың әуе диспетчеріне жеделхатты оқи бастады, бірақ ол оны қабылдай алмады. Өйткені олар  ағылшын тілін түсінбеді. Хатты бірнеше рет оқуға әрекет жасадық. Тіпті  телеграмманы борттағы американдық жігітке оқыттық. Алайда қытайлар жеделхатты қабылдамады. Қытайдың тең жартысы ұшып кеттік,  жеделхат белгіленген жерге жетпеді. Сол сәтте мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа барып мәселені түсіндірдім. Ол бұл жеделхаттың ресми мәтіні және оны өзгерту мүмкін емес екенін айтты. Бірақ құллаққапты киіп, қытай тілінде жеделхатты оқып берді. Осы сәтте біздің жеделхатымыз қабылданып. Қытай билігі бізге алғыс жолдады» — деп жарқын сәтті есіне алды.

Ұшқыштың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев тәртіпті және жауапты жолаушы. Ол үнемі арнайы бөлмесінде жұмыс істеп отырады екен. Арасында ұшқыштардың да жағдайын сұрайтын сәттері болыпты.

Ардагер ұшқыш зейнеткерлікке шыққанымен, авиация саласындағы қызметін жеке-меншік лайнерлерде жалғастыра беретінін айтты.

 

Мақпал Ноғайбаева

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде