jasqazaq.kz

Елбасыға «Құрметті сенатор» төсбелгісі табысталды

06 маусым 2019, 12:06

Сенатта Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табыс етілді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа келді. Депутаттар тұңғыш президентті ду қол шапалақпен қарсы алды. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева өз сөзінде бүгін сенат тарихында ерекше күн екенін атап өтті.

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім сіздің жасампаз еліміздің іргетасын қалаудағы, әлем мойындаған стратегиялық дамуының дара жолын айқындаудағы кемеңгерлік қызметіңізге және кәсіби қос палаталы парламентті қалыптастырудағы орасан зор еңбегіңізге сенаторлардың терең құрметі деп қабылдаңыз», — деді Назарбаева.

Дариға Назарбаева «Құрметті сенатор» мәртебесі туралы ережеге сәйкес арнайы төсбелгі мен куәлікті сенат атынан тапсыру өзіне жүктелгенін айтып, Елбасыға салтанатты түрде табыс етті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық