jasqazaq.kz

Елбасы үздік қызметкерлерге наградалар табыстады

14 желтоқсан 2018, 13:00

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі тәуелсіздік күнімен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл егемен елімізді дүниежүзіне танытып, бар жақсылықтың бастауы болған қазақ үшін қасиетті мейрам. Біз 27 жыл бұрын азаттық жалауын желбіретіп, береке-бірлігіміздің арқасында мерейлі мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздіктің символына айналған Астананың 20 жылдық мерейтойын абыроймен атап өттік. Игі дәстүр бойынша тәуелсіздік күні қарсаңында ерен еңбегімен дараланған ел азаматтарына қошемет көрсетеміз. Сіздер осындай мерекелі сәтті жоғары марапат пен мәртебелі атаққа ие болдыңыздар. Әрқайсыңыз көпшіліктің құрметіне бөленіп, өнегелі істеріңізбен жаңа Қазақстанды жаңғыртуға атсалысып жұмыс істедіңіздер. Сондықтан Ақорда төріне жиналған баршаңыз үшін бүгін ерекше мерейлі күн деп санаймыз», — деді салтанаты шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы жылдардың ішінде еліміз барлық салада да зор жетістікке қол жеткізіп отырғандығына баса назар аударды. Әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылатын қуатты, мығым мемлекет құрғанымызды атап өтті. Мұның барлығына барша қазақстандықтың жасампаз энергиясының арқасында қол жеткенін айтты.

Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады