jasqazaq.kz

Елбасы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті сынға алды

05 қазан 2018, 16:54


Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті сынға алды.

 Tengrinews.kz  жазғандай, «Мынадай қиын заманда бөлініп жатқан әрбір теңгенің максималды қайтарымы болуы керек. Жобалар көрсетіп отырғандай, құрылыс бағасы оның жобалық құжаты дайындалып жатқан кезінда-ақ көтеріліп жатыр. Ол ақшалар алдын ала келісім бойынша біреудің қалтасына түседі», — деді Назарбаев. Президент Түркістан облысында мектеп құрылысын мысал келтірді. Оның айтуынша, бір ауданда 600 орынға арналған мектеп 600 миллион теңге тұрады. Дәл осы ауданда орналасқан екінші бір сондай мектеп 200 миллион теңге тұрады. «Үкімет 28 мектепке ақша бөледі. Неліктен әкім мектептерге талаптарын қояды? Ал Ұлттық экономика министрлігі бұл жайлы білмейді. Мектеп құрылысына араласқан жоқ. Оның қай жақта екенін де білмейді. Сен қай жаққа ақшаның жетпей жатқаны білуің тиіс. Үш ауысыммен жұмыс істеп жүргендерге ақша бермейсің, оны керісінше ақшасы артылып жатқан нысанға бересің. Мұны қалай түсінуге болады, мен әр министр үшін өзім жұмыс істеуім керек пе?», — деді Назарбаев Сүлейменовке. «Сен экономика министрісің. Бұл дегеніміз – сен ақшаны үнемдеуің керек деген сөз. Ал сендер ақшаны талан-таражға салып жүрсіңдер, ақшаны үнемдеп жүрген жоқсыңдар. Кейде кейбір бюджет қаражаттарына қарап таңғаламын. Жыл соңына дейін игерілмеген миллиардтаған ақшалар қалып жатыр. Сосын келесі жылы көбірек ақша алу үшін былтырғы ақшаны қараша мен желтоқсан айында барынша жаратасыңдар», — деді Президент.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді