jasqazaq.kz

Елбасы Вагит Алекперовпен кездесті

19 ақпан 2019, 16:34

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы «Қазмұнайгаз» және «Лукойл» компаниялары арасындағы серіктестік қарым-қатынастардың тиімділігін және оның жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. — Біз «Лукойл» компаниясымен бұрыннан бірге жұмыс істеп келеміз. Компанияларыңыз — Ресейдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Сондай-ақ, сіздер Ресейдің Қазақстандағы маңызды инвесторларының бірі саналасыздар. «Лукойл» біздің экономикамызға 9 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция бөлді, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ресей компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттестік білдірді. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысына Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігіндегі көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру жөніндегі «Жеңіс» жобасын бірлесе іске асыруға қатысты жоспар туралы егжей-тегжейлі баяндалды. «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Қазақстан аумағындағы жағармай материалдарын шығаратын зауыттың құрылыс жұмыстарының нәтижелері жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәлімет берді. — Кәсіпорынның жоспарланған қуаты жылына 100 мың тонна болады. Заманауи зауыт жағармай материалдарының барлық түрін, атап айтқанда, 700 өнімді түрлі атаулармен шығаратын болады, — деді В.Алекперов. Кездесу барысында озық технологияларды қолдана отырып, жаңа көмірсутегілердің кен орындарын іздеу үшін бірлескен жұмыстар жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі әзірлеп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру ісіне Ресей компанияларының атсалысу мәселесі талқыланды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда