jasqazaq.kz

Елбасы Түркі кеңесінің саммитіне қатысуда

03 қыркүйек 2018, 10:37

Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Жастар саясаты және ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы биылғы саммитке кеңеске мүше Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжан президенттері қатысуда. Сондай-ақ, жиынға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан келді. Отырыс Шыңғыс Айтматов атындағы музейде өтуде. Саммиті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Саммит барысында бірқатар құжаттарға қол қойылады. Сондай-ақ, кеңес мүшелері Шолпан-Ата декларациясын қабылдайды деп жоспарлануда. Ал ұйымның Бас xатшысы қызметіне Қазақстанның өкілі сайланады. Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің төрағалығын ресми түрде Қырғызстанға тапсырады.

Айта кетейік, Түркі елдерінің ынтымақтастық кеңесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Кеңестің алғашқы саммиті 2011 жылы Алматы қаласында өтті. Ұйымның негізгі мақсаты — түркі елдері арасындағы мәдени-руxани байланыстарды дамыту. Бүгінде кеңестің құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжан кіреді. Ұйымның жанында сыртқы істер министрлерінің кеңесі және ақсақалдар кеңесі жұмыс жасайды. Олар Түркі кеңесінің жұмысын ұйымдастырып, реттеп отырады. Кеңеске қарасты төрт негізгі ұйым бар. Олар — Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту (TÚRKSOY) халықаралық ұйымы, Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (TÚRKPA), Түркі академиясы xалықаралық ұйымы (TWESCO) және Түркі мәдени мирас қоры. Бұдан бөлек, Түркі кеңесінің аясында Іскерлік кеңес жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты — шағын және орта бизнес салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, жалпы инвестициялық климатты жақсарту.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді