jasqazaq.kz

Елбасы: Сіздер министр емес, қорқақсыздар

30 қантар 2019, 12:51

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерді батылсыздығы үшін сынға алды.

Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада өтіп жатқан кеңейтілген отырыста айтты. «Қаржы жүйесі… Банктер ашылады. Адамдар сенеді, ақшасын әкеледі. Онда квазимемлекеттік сектор ақшасын салады, ал кейін акционерлер ол ақшаны жымқыра бастайды. Қашып кетеді, сосын біз солардың соңынан жүреміз… Данияр (Ақышев, Ұлттық банк басшысы — автор), басыңмен жауап бересің. Акционерлердің ақша ұрламауын бақылап отыру қажет. Біз мұнда не үшін отырмыз? Экономикамызды банкроттан тазартпағанша, ештеңе де дұрыс дамымайды», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. «(…) Банкроттық институты нарықтық елдерде ең көп кездеседі. Сендер үкіметтегілер немесе министрлер емессіздер, сіздер қорқақсыздар. Шешім қабылдағанда аяқ-қолдарыңыз дірілдейді. Онда не үшін жұмыс істеп жүрсіздер?», — деді Президент. «Барлық банкті тазартып беріңіздерші, сонда үкімет өзінің қызметін адал атқарды деп санаймын. Содан кейін отставкаға кетіңіздер. Сонда ғана жұмыс болады», — деді Назарбаев. «Қолды сермеп қана отырамыз, нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр осы мәселемен жеке айналыссын. Осы мәселе шешілсін. «Жұмыстан кету» жайлы жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеңіздер, баяндап отырыңыздар», — деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде