jasqazaq.kz

Елбасы Сауд Арабиясының ішкі істер министрімен кездесті

01 қараша 2018, 14:42


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.

Қазақпарат  хабарлағандай, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті. — Сауд Арабиясы — ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде