jasqazaq.kz

Елбасы сайты ашылды

03 шiлде 2019, 12:55

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа сайты іске қосылды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттерде жазды.

«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы Elbasy.kz іске қосылды. Жаңа сайтқа байланысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді, тілектеріңізді осы посттың астына қалдырсаңыздар қуанар едім», — деп жазды Айдос Үкібай.

Елбасы өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін өзіне қатысты ақпараттар Ақорданың ресми сайтында жарияланған болатын. Кеше Айдос Үкібай жаңа сайт іске қосылатынын алдын ала хабарлады. Қазір жаңа сайт Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жаңалықтарымен толтырылған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, президент болып сайланған күннен бастап қызметтік жолы, халықаралық беделі мен мемлекет астанасы Нұр-Сұлтан қаласы туралы мәліметтерді сайттан оқуға болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда