jasqazaq.kz

Елбасы saebiz жайлы ойын айтты

14 қыркүйек 2017, 16:32

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне сатылай көшу қажет екенін айтты.

«Латынға көшу бәрін де алаңдатып жатыр. Бұл туралы көп айтылды, ғалымдар көп жұмыс істеді, тарихты қопарды, өзге елдің тәжірибелерін қарады. Ешқандай да ілгек болмасын деп айтқанмын. Таза қазақша дыбыстар бар — сегіз әріп. Соларды келтіріп беру керек, мәселе осында», — деді Президент. «Парламентке талқылауды ұсынғанмын, барлығы ескертуін айтты, қазір жіті қарап жатыр. Тілтанушылар, ғалымдар, тарихшылар келісімке келіп, айтса ғана жаңа әліпби жайлы жария етемін. Кирилл өз рөлін сақтап қалады. Сондықтан кирилл қарпін қолданып, орыс тілінде сөйлейтіндер алаңдамай-ақ қойса болады. Мендегі бар мәлімет бойынша, шамамен 2022 жылы бірінші сыныптан латын әліпбиінде сабақ өткізіле бастайды (…) Мұнда мәселе түзеуде. Маған кеше Интернетте «сәбіз» сөзінің латынша saebiz екенін айтты, мәселен немісте «мектеп» Schule ғой. (…) Қазақ тілінде «ю», «я», «ь» әріптері жоқ. Осы әріптерді қолданып, қазақ тілін бұзып жатырмыз, сондықтан негізін түзейміз. Бұл өте маңызды шара. Мұнда атүсті қарауға болмайды, сондықтан саралай келе өту керек», — деді ол.

Tengrinews.kz

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде