jasqazaq.kz

Елбасы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

24 наурыз 2018, 17:33

Қарсы алу рәсімінен соң Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға ризашылық білдірді.
– Менің ресми сапарымның Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Мен үшін Сіздің әкеңізбен таныс болғаным – зор мәртебе, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас қарым-қатынастар мен табысты кездесулер екі ел арасындағы байланыстардың дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
– Өзара уағдаластықтарды іске асырудың арқасында тек 2017 жылы сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп, 374 миллион доллардан 643 миллион долларға дейін жетті. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артты, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қарым-қатынастарға оң әсер ететініне назар аударып, тараптар инвестицияларды қорғау, ғарыш технологиялары, су энергетикасы, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.
Соңында Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халиф бен Заид Әл Наһаянға деген ниеттестігін білдіріп, тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
– Халқымның және жеке өзімнің атынан Сізге Біріккен Араб Әмірліктері жеріне келгеніңіз үшін ризашылық білдіремін. Сапарыңыз сәтті болады деп сенемін. Біз бүгін бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қоямыз. Жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенімізді айтқым келеді, – деді Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.
***
Ресми сапар барысында тараптар арасында мынадай құжаттарға қол қойылды:
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;
– Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін (полиэтилен өндірісі) салуға қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандум;
– Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысына қатысу үлесін сатып алуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамының 49% акциясын сатып алудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
– «DP World» компаниясының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамының капиталына қатысуының негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;
– Дубайдағы «ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысу туралы шарт.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды