jasqazaq.kz

Елбасы президент өкілеттігін неліктен тоқтатқанын түсіндірді

11 қазан 2019, 23:13

Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында ел Президенті лауазымынан неліктен бас тартқанын түсіндірді.

«Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл барлық жағынан ойластырылған шешім болатын. Қазақстан басшылығында 30 жыл отырғанымды ұмытпау керек. Орталық комитет мүшесі болған өткен ғасырдың 1979 жылынан бергі уақытты ескерсек — 40 жыл, ал Қазақстан үкімет басшысы болған кезімнен бері есептесек — 35 жыл. Ең алдымен осы жылдар бойы мені мемлекет басшысы етіп сайлаған халқыма рахмет. Қалай десек те, халықтың белгілі бір бөлігі бір адамнан шаршаған шығар. Мұндай да жайт бар. Екіншіден, өзгерістер қажет. Ештеңе де бір орында тұрмайды. Өзгерістер, жаңа адамдар, жаңа кадрлар керек. Кез келген адамның өз көзқарасы, пайымы бар. Сондықтан бұл түбегейлі ойластырылған, дұрыс қадам деп ойлаймын. Бұлай жасағаныма, кімді мұрагер етіп алғаныма еш өкінбеймін», — деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев президенттік лауазымын доғарған кезде әлемнің көптеген ірі мемлекеттерінің басшылары хабарласып, өкініш білдіргенін еске алды. «Біз осы жылдар ішінде таңғалаларлық ұлы жетістіктерге жеттік. Қазақтар өз тарихында бұлай өмір сүріп көрген емес. Бұл — факті. Бізден басқа ешкім де екі ғасырдың тоғысында мұндай елорда салған емес. Миллион тұрғыны бар қалаға айналды. Сондықтан маған көрсетілген осындай сенімге зор ризашылықпен істен алшақтауға шешім қабылдадым. Жасқа байланысты қандай да бір шектеу де бар. Мемлекеттің бірінші басшысы барлық уақытта да ақбоз атта, алда болуы тиіс және энергетикасы өте мықты болуы қажет. Егер ата-анамнан осындай қуатты энергетика дарымағанда бұған шыдамас та едім. Себебі жылдар өте ауыр болды. Яғни, өкінбеймін. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс істедім деп есептеймін»,- деді Н.Назарбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда