jasqazaq.kz

Елбасы: Өз балаларын неге өздері бақпайды деп хат жазатындар бар

06 наурыз 2019, 17:25

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салық төлеп отырған қазақстандықтардың көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттен берілетін көмекке қатысты сұрақтары жайлы айтты.

«Кейбір адамдар «үкіметтен сұрасақ, бере береді» деп ойлайды. Салық төлеп отырған бүкіл қазақстандықтың ақшасын бөліп жатырмыз. Кейбіреуі маған хат жазып жатыр, онда олар ақша тауып, бюджетке ақша құйып жатқанын, ал билікті бала таптырып жатқандарға беріп жатыр дейді. Неге олар өз балаларын өздері бақпайды дейді. Мұндай әңгіме қазір өте көп шығып жатыр. Сондықтан екі жаққа да түсіндіруіміз керек», — деген Елбасы әсіресе жағдайы нашарларға көмек берілетінін баса айтты. Оның айтуынша, бірінші кезекте әл-ауқаты төмен адамдарға 1 сәуірден бастап көмек көрсете бастау керек.

Сондай-ақ, Елбасы қаражатты тиімді қолдануға назар аудару керек екеніне тоқталды. «Бұл шаралар ақша шашылып жатқанынан емес, біз қаражатты экономиканың өсіп-өнуіне жұмсамай, халыққа берейік деп отырмыз. Себебі бұл керек. Сондықтан халық біздің бұл шараны не себепті жүргізіп отырғанымызды түсінуі керек. Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті — шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға күш жұмылдыру. Бұл жұмысты барлық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет. Сондықтан ең негізгі мәселе елдің жұмыс істеуі. Халыққа ешкімге де жұмыс істемей қаражат берілмейтінін түсіндіру керек. Біз нарық экономикасында отырмыз. Жағдай солай. Сондықтан жұмылып, бірге жұмыс істейтін болайық», — деді Назарбаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда