
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевпен 2019 жылғы 19 наурызда өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрынғы диалогын айтты.
«19-ы жарияладым (өкілеттігін тоқтату туралы — Авт.). 18 наурызда жаңа үлкен мешіттің алғашқы тасын қойдық. Сосын Тоқаевпен бір көлікте келе жаттық. Тоқаев ертесі күні сөйлейтінімді білді, ол былай деді: «Нұрсұлтан Әбішұлы, мынадай жағдай бар, райыңыздан қайтарсыз? Өзіңіз ойлаңызшы, бұл дұрыс емес қой, сіз әлі де жалғастыра аласыз ғой». Мен былай жауап бердім: «Мен бұл шешімді іштей жасадым, дайындал. Бұл оңай емес», — деді Назарбаев «Хабар» телеарнасына «Штрихи к портрету» деректі фильмі аясында берген сұхбатында.