
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.
Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымында қалған еді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
В ходе расширенного заседания Политического совета Нурсултан Назарбаев принял решение передать полномочия Председателя партии «Nur Otan», подчеркнув, что партию должен возглавлять Президент страны. Процедура передачи полномочий будет осуществляться в соответствии с Уставом партии
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) November 23, 2021