jasqazaq.kz

Елбасы Монополияға қарсы комитеттің төрағасына сөгіс жариялады

07 қараша 2018, 18:00

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады деп жазады Tengrinews.kz.

«Осымен айналысуы тиіс уәкілетті органдар әрекет етпей отыр. Ешкім бақылап отырған жоқ. Ең біріншіден Ұлттық экономика министрлігіндегілер нашар жұмыс істеп жатыр. Барлығын да түсіндіруге болады, бірақ нақты сұрақтарға ешқайсыңыз жауап бере алмайсыздар.

Монополияға қарсы комитет… «Қарсы» деген сөздің өзі үнемі бірбеткейлік дегенді білдіруі керек. (…) Премьер-министрге Монополияға қарсы комитеттегілердің қызметімен айналысуды тапсырамын», — деді Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

«Монополияға қарсы комитеттің төрағасы, сен осының барлығымен дұрыстап айналыса аласың ба? Әлде жұмыстан кетесің бе?», — деп сұрады Президент.

Майтиев жағдайды дұрыстауға уәде берді.

«Сүлейменов, (ұлттық экономика министрі — автор) оның қолынан келе ме? Оған жауап бере аласың ба?», — деп сұрады Назарбаев.

«Иә, дәл солай», — деп жауап берді министр.

Президент әзірше тек сөгіс жариялайтынын ескертті.

«Сен осымен өзің айналыс, қажетті адамдарды жазала, жұмыстан босату керек адамдар болса, босат. Осы мәселе бойынша маған баяндап тұр. Ал мен Бас прокуратураның қызметіне қолдау көрсететін боламын. Ол (бас прокурор Қайрат Қожамжаров) бастаған ісін соңына дейін аяқтайды. Жалпы осы мәселе бойынша Бозымбаев та, Ұлттық экономика министрлігіндегілер де, монополияға қарсы қызметтегілер де — барлығы барынша қатаң жазалануы тиіс. Бірақ Бозымбаев басқа салаға жауапты. Барлығына ескертемін. Келесі жолы шаралар қолданылады», — деді Президент.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді