
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке жаңа атақ берді. Елбасының тиісті қаулысы президенттің ресми сайтында жарияланды.
Президент қаулысына сәйкес: Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа генерал-майор әскери атағы, ал Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы берілген.