jasqazaq.kz

Елбасы: Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын

18 қантар 2022, 18:03

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеуінде елдегі қиын кезеңде өзінің қайда болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маған келіп жатқан көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты айтарым мынау. Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын», — деді ол халыққа жасаған бейнеүндеуінде. Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр