jasqazaq.kz

Елбасы: Қырғызстанмен достық қатынастарды дамыта түсеміз

12 желтоқсан 2018, 13:38

Қазақстан Қырғызстанмен достыққа негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр.

Бүгін Ақордада бірқатар шетелдердің Қазақстанға жаңадан тағайындалған елшілерінен сенім грамотасын қабыл алу салтанатты шарасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, достық қатынастарды ары қарай дамытуға ниеттіміз. Қырғыз Республикасы Орталық Азиядағы маңызды әріптесіміз ғана емес, тарихи тарымырымыз тереңге жайылған тату көрші, бауырлас мемлекет болып саналады. Сондықтан біз Қырғызстанмен достыққа және өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестікті дамытуға айрықша көңіл бөлеміз», — деді Мемлекет басшысы. Осы орада Президент екі ел үкіметтері осы бағытта тиімді жұмыс жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастарды жаңа белестерге көтеретініне сенім білдірді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысына Ауғанстан Елшісі Мохаммад Фрахад Азими, Қырғызстан Елшісі Жээнбек Кулубаев, Литва Елшісі Гинтаутас Васюлис, Иран Елшісі Маджид Самадзаде Сабер, Армения Елшісі Гагик Галачян сенім грамотасын табыс етті.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді