jasqazaq.kz

Елбасы ҚХА-ның кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды

27 наурыз 2018, 10:47

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өкімде Ассамблеяның кезекті 26-ыншы сессиясы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетіндігі айтылған. Сессия тақырыбы — «Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры».

* * *

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын. 2. Қазақстан Респбуликасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды