jasqazaq.kz

Елбасы: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр

10 қазан 2018, 13:17

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдер мен геосаяси блоктар арасындағы жанжал күшейіп бара жатқанын айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Назарбаев дін көшбасшылары Қазақстан астанасына осымен алтыншы рет жиналып отырғанын атап өтті.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін Астананың визит картасы деп айтуға болады. Өйткені біз Астананы барлық мәдениетке ашық болашақтың қаласы ретінде салдық. Астана бастамаларды біріктіретін бітімгерлік процестердің тартылыс нүктесіне айналды. Өткен съезден кейінгі үш жыл ішінде Қазақстан елордасында жаһандық деңгейдегі шаралар өтті. Астанада қабылданған шешімдер халықаралық резонанс туғызып, әлемдік қоғамдастықтың назарын аударды. Мұның барлығы өте маңызды, өйткені, өкінішке қарай, қазір әлем турбуленттілік күйге енді», — деді Назарбаев съездің ашылу салтанатында.
Президент саясаткерлермен діни қайраткерлерді санкциялық қақтығыстар, дінаралық қайшылық, сауда соғысы, қоршаған ортаның ластануы секілді өзекті мәселелер мазалайтынын айтты.

«Ғылыми-технологиялық прогресс кезінде өркениетаралық қақтығыстар абсурд көрінеді. Бәрімізге ортақ ғаламшарды кейінгі ұрпаққа қандай күйде қалдырамыз, міне қазір бұл басты өркениеттік проблема. Біз осымен 18 жыл үшінші мыңжылдықта өмір сүріп жатырмыз. Алайда бейбітшілік,ынтымақтастық пен молшылық адамзат дамуының негізгі тенденциясына айналған жоқ. Әлемдік қоғамдастық өзара сенімсіздік, жақтырмаушылық пен жанжалдың шеңберінен шыға алмады. Жағдай түзелген жоқ, керісінше одан сайын нашарлап барады», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елдер мен геосаяси блоктар арасында қақтығыс, түсініспеушілік күшейіп, оқшауланып бара жатқанына алаңдады.

«Ең қауіптісі,адамдардың ойы мен жүрегінде өзара бөлектенушілік күшеюде. Қазір бәрі бірігуге емес, бәсекелестікке, бақталастыққа ұмтылады. Әлем елдері халықтың өркендеуі үшін бірлескен жобалар құрудың орнына бір-бірін жойып жіберетін құралдар жасауда. Турасын айтсақ, бұл тығырыққа тірейтін жол. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз — прогресс магистраліне қайта оралуға жәрдемдесу. Бұл жолда уақыт жоғалтуға болмайды»,- деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде