jasqazaq.kz

Елбасы: Қажетті ресурстар бар

24 сәуiр 2020, 19:23

Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаһандық сын-қатерді еңсеруге қажетті ресурстар бар екенін мәлімдеді. Elbasy.kz сайты хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мемлекет пен қоғамның барлық саласында болатын өзгерістерді атап өтті.

Елбасы видеоконференция режимінде өткен отырыста «Ең алдымен, барлық мемлекеттер өзінің экономикалық стратегиясын қайта қарап жатыр. Дербес табысқа, өз ресурсына арқа сүйеуге, өндірістік және қаржылық тізбектің сенімді болуына басымдық беріледі. Екіншіден, жаңа салалық басымдықтар қалыптасады. Тиімсіз секторлар жоғалады. Алайда, өзге салалар көшбасшы атанып, экономиканы дамытады, адамдарды жұмыспен қамтиды. Үшіншіден, барлық ауқымды дағдарыстар әлемнің технологиялық және экономикалық ретінің циклдық ауысымымен байланысты және қазір ескі модельдің қирауы жүріп жатыр», — деді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жаһандық сын-қатерді еңсеруге қажетті барлық ресурстар бар екенін атап өтті. Тұңғыш Президент бұл ретте «Өткен жылдары шикізаттық ресурсқа тәуелділікті азайту үшін ауқымды жұмыс жүргіздік. Сондықтан, барлық негізгі даму бағдарламалары — индустрияландыру, шағын және орта бизнес, инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік бағдарламалар әзірленді. Оларға үлкен ресурс бөлінді. Ұлттық қорда ауқымды қаражат көлемін жинадық. Бұл қор кезекті рет елімізді дағдарыстан құтқаруда. Бірақ, оны да шексіз пайдалануға болмайды, үнеммен қажет кезде ғана қолданған жөн» — деді.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында коронавирус эпидемиясымен күрес, экономиканы қалпына келтіру мен мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық мәселелері қаралды.

Jas Qazaq -Aqparat

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия