jasqazaq.kz

Елбасы Қазақстанның мемлекеттік қарызы көп дейтіндерге жауап берді

10 маусым 2018, 19:18

Қазақстанның мемлекеттік қарызы әлем бойынша ең төмен. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіл әлем бойынша біздің мемлекеттік қарызымыз ең төмен. Америкалықтардың қарызы 14 трлн долларға тең. Бұл ішкі жалпы өнімнен де жоғары. Германия қарызы жалпы ішкі өнімнің 90, Италияда — 120, Испанияда 100 пайызды құрайды. Ал біздің қарызымыз не бәрі 13 млрд доллар ғана. Яғни, жалпы ішкі өнімнің 10 пайызынан да төмен», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің мемлекеттік қарызы ұлғайып кетпеуін үнемі жіті қадағалап отыратындығын айтты. «Ал бұлар (қытайлық компаниялармен бірлескен жобалар) менің уағдаластығымның, жақсы қарым-қатынасымның арқасында орын алып жатыр. Бизнесмендерге жақсы жол ашып беріп отырмын. Оларға сенеді, өйткені мемлекетке сенім артады. Бұл жобалардың барлығы да коммерциялық, бизнес топтардың арасында жүзеге асырылады», — деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жеңіл рельсті трамвай жобасына ғана алынатын қарыз мемлекеттікі екендігін ашық айтты. «Бұл жер үстіндегі метро десек те болады. Мұны салу мемлекеттің міндеттемесі. Өйткені, инфрақұрылымын салып, теникасын ешкім сатып ала алмайды. Инфрақұрылымды мемлекет салуы тиіс», — деді ҚР Президенті.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді