jasqazaq.kz

Елбасы Қазақстанға шақырды

29 тамыз 2019, 12:48


Қазақстан әлем ядролық державаларын Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, уағдаластыққа қол жеткізге шақырды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Қазіргі барлық сын-тегеуріндер мен сын-қатерге бетпе-бет келіп отырған жаһандық қоғамдастық өзі бойынан даналық тауып, біздің ғаламшарымыздың болашағы үшін диалогқа қарай батыл қадам жасауы тиіс. Бұл диалог егер де барлық ядролық державаның басшылары келіссөздер үстеліне отырар болса, нәтижелі болмақ», — деді Елбасы бүгін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде.
Осы ретте, Қазақстан Тұңғыш Президенті АҚШ, Ресей және Қытайдың және өзге де ядролық державалардың басшыларын қазақ жерінде кездесіп, уағдаластыққа қол жеткізуге ресми ұсыныс жасағанын айтты.
«Мұндай жайт тарихта бірнеше рет болып, ірі мемлекеттердің басшылары барлық уақытта да адамзаттың ертеңгі күні үшін өздеріне жауапкершілік алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де солай болды. Нәтижесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Өйткені, барлық жанжалдар келіссөздермен аяқталады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде