jasqazaq.kz

Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

21 наурыз 2018, 12:32

Астанада Наурызға арналған мюзиклға қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. «Барша қазақстандықты шуақты мейрам Наурызбен құттықтаймын.

Бұл көктемнің, жаңарудың, гүлденудің мерекесі. Бұл мейрамды қуана күтеміз. Күн мен түн теңеледі, қыс аяқталып, көктем мен жаз басталады, бүкіл табиғат жаңарады. Атам заманнан бері біздің халық бұл мерекелерді күткен, біріне бірі қонаққа барған, бар өкпені ұмытқан, ағаш отырғызған, үйінің, ауылының маңын тазалаған, жинастырып, жазға, жаңаруға және Жаңа жылға дайындалған», — деді Президент журналистер алдында сөз сөйлеп. Конгресс-орталықта сахналанған жоғары технологиялық музыкалық хореографиялық этно-модерн қойылым «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» деп аталды. Қойылым үш бөліктен тұрды. Ондағы басты кейіпкер Наурыз болды, сонымен қатар, Данышпан және алтын қыран бар. Данышпан Наурыз есімді ұл балаға батасын беріп, алыс сапарға аттандырады: «Саған ерекше міндет артылған, сен сынақтан өтіп, қара күштердің адамдардан ұрлап алған: жылулық, нұр, махаббат, төзімділік және адалдық сынды қасиеттерін босатуға, сөйтіп, халықтың бақыты мен берекесінің құпиясын ашуға тиіссің». Айта кетейік, негізгі шаралар EXPO маңында ұйымдастырылады. Наурызда Қазақстанда ауа райының қандай болатыны жайлы мына жерден оқыңыз.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде