jasqazaq.kz

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

03 қазан 2017, 17:40

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. «Бүгін біз еліміздің мобилизацияланған дайындығын және төтенше жағдайларда не істеу керектігіне қаншалықты дайын екеніне қатысты мәселелерді талқылаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің беделі мен рөлін әрі қарай арттыру мәселесі қарастырылатын болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Отырыс барысында Қазақстан Президенті құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы органдардың мамандарын EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз еткендері үшін әрқайсысына алғыс білдірді. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде