jasqazaq.kz

Елбасы қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін қызметінен босатты

25 мамыр 2019, 20:06

Саидмұрат Тәңірберген Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды», — деп жазылған Ақорданың сайтында.

Саидмұрат Тәңірберген 1956 жылы туған. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

Әр жылдары экономика жөніндегі мемлекеттік комитетте әскери бағдарламалар бөлімінің бастығы, экономика министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі экономикасы басқармасының бастығы, экономика министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алулар агенттігінің директоры, экономика және сауда министрлігінің мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры, стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің экономикалық саясат және арнаулы бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, директоры, қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2002-2015 жылдары – Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі, сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, хатшылық меңгерушісінің орынбасары. 2015 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда