jasqazaq.kz

Елбасы: Қаржыны қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар

06 желтоқсан 2017, 14:15

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке отандық компаниялардың қаржысын шетелден қайтару туралы тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Индустриализация күніне орай өткен жиында Елбасы қаржысын шетелде ұстайтын компанияларды қатаң сынады. «18 отандық компания 12,5 миллиард долларды шетелде ұстап отыр. «Теңізшевройл» — 4,5 миллиард доллар. «ҚазМұнайГаз» — үш миллиард доллар. «РД «ҚазМұнайГаз» — екі миллиард доллар. «Азиялық газ құбыры» — миллиард доллардан аса. «Бейнеу — Шымкент» газ құбыры — 100 миллион. Осылай кете береді», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев. «Үш рет заңдастыру болды, біреуді жазалады ма? Ешкімді. Шетелдегі қаржыдан айырылып қаласыздар, бұл анық емес пе? Санкция кезінде ешкім сіздерге көмектеспейді. Қаржыны қайтарып, Қазақстанда ұстаңыздар. Қандай кепіл керек? Заңдар, жарлық? Жасаймын. Егер өздеріңіз қайтармасаңыздар, өзіміз қайтарамыз. Ренжімеңдер», — деп атап өтті Елбасы. Назарбаевтың сөзінше, мемлекет қарамағындағы компаниялар шетелдегі қаржы көлемін жарты жылда екі жүз миллионнан алты миллиард долларға дейін арттырған. «Үкіметке акционер ретінде тапсырамын. Шешіңіздер, маған баяндаңыздар. Әрқайсымен сөйлесеміз», — деді президент премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа. «Біз қаржыларыңызды тартып аламыз немесе бірдеңе істеп қоямыз дедік пе? Егер қайтармасаңыздар, ескертейін, өзіміз айналысамыз. Бірақ ол кезде сіздер болмайсыздар. Мемлекет осы қаржыны табуға жағдай жасап отыр ғой, ал сіздер Қазақстан ақшасын үкіметтен жасырып отырсыздар ма? Жетер», — деп түйіндеді Назарбаев.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды