jasqazaq.kz

Елбасы: Ірі дағдарыстар болуы әбден мүмкін

13 қараша 2018, 16:38

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында әлемдік державалардың қайтып жаппай қарулануы мен әскери конфронтацияның қаупі жайлы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президенттің айтуынша, Қытай, Ресей және АҚШ елдерінің бәсекелестігі ұзақ уақыт бойы байқалмай келген. «Постбиполярлық әлемдік тәртіп деген ұғым қалып барады. Бұған жаһандық ойыншылар мен жаһандық державалардың арасындағы бәсекелестік әсер етіп жатыр. Ресей, АҚШ және Қытай Халық Республикасы арасындағы геосаяси шиеленіс бүкіл Еуразия аумағында байқалып жатыр. Осы үш ел арасында үнемі қиын сәттер болатын. Ол мемлекеттердегі басқару деңгейі де соңғы жылдары төмендеп барады», — деді Президент. Оның айтуынша, осындай дағдарыс жағдайларындағы түсініспеушілік пен қателіктер әскери конфронтацияға алып келуі мүмкін. «Енді ірі дағдарыстардың болуы әбден мүмкін. Ірі шиеленістердің пайда болуын тудыратын жағдайлар да көбейіп жатыр. (…) Зымырандарды жою бойынша жасалған келіссөздердің жағдайы қиындап барады. Енді стратегиялық шабуылды қаруландыруды қысқарту туралы келісімшартты ұзарту мәселесі бар. Ол заңның күші 2021 жылға дейін», — деп ескертті Мемлекет басшысы. «Әлемдік державалар қайтып жаппай қарулануы мүмкін, адамзат өздерінің балаларының болашағы үшін және бүгінгі күні үшін уайымдап жатыр», — деді Назарбаев. Президент Astana Club отырысы аясында талқыланған мәселелердің бүкіл әлемге пайдасын тигізеді деген сенімде екенін айтты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді