jasqazaq.kz

Елбасы: Халықпен ашық әрі әділ диалог жүргізу керек

27 ақпан 2019, 12:40

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы арқылы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді бәрін бақылауды тапсырды.

«Партия халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсене атсалысуы қажет. Аталған жұмыс «Халыққа көмек» жобасын да күшейтеді деген сенім бар. Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, мемлекеттік органдарды соған қарай жұмылдыру қажет. Бұл — нағыз нәтижелі стратегия. Ол үшін халықпен кері байланыстың мықты жүйесін жасап шыққан жөн», — деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде. Президенттің айтуынша, бүгінде «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімшелерін барынша күшейту керек. Аталған құрылымдар халыққа көмек берудің «бірыңғай терезесіне» айналуы шарт. «Бұл жерде бюрократияға жол жоқ. «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдары соған күш салуы қажет. Партия халықтың барлық санаттарын қорғай білуі керек. Сөйтіп, мемлекет пен халық арасындағы көпір іспеттес болуы шарт», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бақылап отыру мәселесіне де баса назар аударды. Себебі аталған бастамалардың барлығы сәтті іске асса, халықтың әл-ауқаты көтеріледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда