jasqazaq.kz

Елбасы генералдарға кеңес берді

03 мамыр 2018, 12:20


Бүгін Ақордада бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев генералдарға кеңес берді.

«ҚазАқпарат» хабарлағандай, «Баһадүр бабалардың ерен еңбегінің егемен елдің ерлері лайықты жалғастыруда деп айтуға болады. Бүгін бір топ азаматтардың жоғары наградалармен марапатталуы соның айқын дәлелі. Мен осы марапаттауға келе жатқанда ойландым. 74 жыл Кеңес одағының құрамында болғанда, қай адамға генерал атағы тапсырылды? Бүгін бір күннің ішінде 22 атақ бергелі отырмын», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Осы ретте Қазақстан Президенті Тәуелсіздік алған кезде елдің армиясын басқаратын генерал іздеп, жалғыз Сағадат Нұрмағанбетовты тапқанын еске алды. «Осыны естеріңнен еш уақытта шығармаңдар. Ел болғаннан кейін, Тәуелсіз Қазақстан болғаннан кейін өз Бас Қолбасшысы қолынан сендерге осындай атақ береді. Себебі, генерал деген ол ең жоғары атақ, бір жағынан қызметтеріңді бағалау. Оқалы киім киген азаматтардың ең жоғарғы бақыты, қуанышы, бала-шаға мен отбасының қуанышы. Соны ешқашан ұмытпасаңдар деген ойдамын», — деді Елбасы. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты