jasqazaq.kz

Елбасы Финляндияға барды

17 қазан 2018, 14:59

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын құрамда кездесу өткізуде. Кездесу Финляндия басшысының жұмыс резиденциясында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

Ресми сапармен келген Қазақстан Президентін Финляндия басшысының резиденциясы алдында қарсы алу салтанатты шарасы тура 10 минутқа созылды. Алдымен резиденция қақпасының сыртына мәртебелі меймандарды қарсы алатын Құрметті қарауыл сап түзеді. Сәлден кейін Елбасы мінген көлік резиденция қақпасының алдына келіп тоқтап, Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алуға Саули Ниинистё шықты. Президенттер қызыл кілем үстімен резиденция қоршауына кірген соң ғимарат есігінің алдында естелік суретке түсті. Осыдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Келесі кезекте Финляндия басшысы Қазақстан Президентіне өз елінің Үкімет мүшелерін таныстырды. Мұнан кейін қос мемлекет басшылары Құрметті қарауылға ізет көрсетті. Бұдан әрі Қазақстан делегациясы мүшелерімен танысу шарасы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев фин Президентінің жұмыс резиденциясына кіргеннен кейін алдымен, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырып, Сары бөлмеде салтанатты қабылдау шарасына қатысты, Саули Ниинистёмен бірге ресми түрде суретке түсті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндия Президенттері шағын құрамда кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін болатын кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. Естеріңізге сала кетсек, 16 қазан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келіп, сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа теміржол бағдары ашылатындығын айтты және фин компанияларын еліміздің агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Фин компаниялары үшін Қазақстанның туризм саласы да тартымды екені, ІТ-компанияларға да қолайлы жағдай жасалатындығы атап өтілді.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық