
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев дамыған елдердегі қоғам мен элитаның бөлінуі туралы айтты. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Әлем қырғи қабақ соғыстың екінші нұсқасы — идеологиялық шайқасқа қайта оралатынын айтты.
«Бір жыл ішінде посткеңестікте жаппай саяси толқулар, мемлекеттер арасындағы, Орталық Азиядағы, бүкіл үлкен өңірлердегі соғысты көрдік. Барлық жерде тұрақсыздық.
Тіпті дамыған елдерде де қоғам мен элитаның бөлінуін байқадық. Сарапшылар пікірінше, әлем жаңа биполярлыққа бет бұрды. Бұл тек жекелеген салада емес, бәсекелестік пен даму моделінде де күрестің күшейгенін білдіреді. Шын мәнінде, біз қырғи қабақ соғыстың бір нұсқасы — идеологиялар шайқасына қайта ораламыз.
Біз осы жағдайда жылдар бойы құрған сыртқы саяси басымдықтарымызды сақтауымыз қажет», — деді Назарбаев.
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы бүгінде Қазақстан басқа елдермен қатар қауіпсіз ортаға сапалы өзгерістер енгізу кезеңіне аяқ басқанын атап өтті.
«Біз мемлекет және біртұтас ұлт ретінде бетбұрыс кезеңіне келдік. Коронавирус пандемиясы көп өзгерістер әкелді. Бұл алдағы онжылдыққа әсер етеді. Қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздікте жаңа асимметриялық және гибридті қауіптер туындап жатыр», — деді Елбасы.
Tengrinews.kz