jasqazaq.kz

Елбасы: бұл халқымыз үшін 40 жыл бойы күткен тарихи шешім

29 тамыз 2019, 12:14

Семей полигонының жабылуы халқымыз үшін 40 жыл бойы күткен тарихи шешім. Бұл туралы бүгін «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстау рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚазАқпарат  жазғандай, «Бүгін тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің антиядролық қозғалысы үшін тарихи күн. 1991 жылдың дәл осы 29 тамызында менің Жарлығыммен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонының жабылғанын білесіздер. Ол кезде Кеңес одағы орнында тұрған, әскери адамдардың барлығы күшінде болған. Солардың қарсылығына қарамай, Қазақстан осы мәселені шешіп, халықтың көңілінен шықты. Бұл халқымыз үшін 40 жыл бойы күткен тарихи шешім еді», — деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев 1949 жылғы 29 тамызда Қазақстанда Кеңес одағының бірінші атом бомбасы жарылып, орасан зор экологиялық және адами трагедияға әкеп соқтырғанын баса айтты. «40 жыл ішінде полигонда 456 ядролық сынақ өткізілді. Кем дегенде 500 мың адам радиация зардабын тартты. 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сесиясы Қазақстанның бастамасы бойынша 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялады. Бұл күн 2010 жылдан бері бүкіл әлемде аталып келе жатыр», — деді ҚР Тұңғыш Президенті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде