jasqazaq.kz

Елбасы: Бүгінгі ұрпақ жеңімпаз майдангерлерімізге мәңгі қарыздар

07 мамыр 2018, 12:53

Өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына әрдайым берік болайық. Бүгін Жауынгерлік парад кезінде Елбасы — ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бірер күннен кейін баршамыз 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл жеңіске біздің ардақты ардагерлеріміз өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі ұрпақ жеңімпаз майдангерлерімізге мәңгі қарыздар. Барша қазақстандықтар атынан ардагерлерімізге мыңда бір алғыс айтамын. Өшпес даңқ пен өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына әрдайым бәріміз берік болайық. Баршаңызға амандық, бейбіт өмір. Бақ пен береке тілеймін. Мерекелеріміз құтты болсын! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасасын!», — деп құттықтады Президент. Осы орайда Елбасы қазақстандың әскери қызметшілер ең қатыгез соғыста фашизмді жеңген біздің әкемелеріміз бен аталарымыздың жауынгерлік айбыны дәстүрінің лайықты мұрагерлері екенін атап өтті. «Біз әрқашан олардың өмір мен туған жердің гүлденуі үшін шексіз батырлығы мен өшпес ерлігін жадымызда сақтаймыз», — деді Мемлекет басшысы. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Отан қорғаушы күні аясында Елбасы — ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад өтіп жатыр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде