jasqazaq.kz

Елбасы бос жатқан жердің иелерін анықтауды тапсырды

05 қазан 2018, 15:13

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арналған Жолдауында жер қоры мен жылжымайтын мүлік туралы бірыңғай ақпараттық база жасауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократиялық рәсімдер өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес толық ақпарат ала алмайды. Сондықтан, жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Бұл мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек», — деді Президент. Президент ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа бос жатқан жерлердің иесін табуды тапсырды. «Астананың өзінде нысан тұрғызғысы келетіндер жер таппай жүр. Бос тұрған жердің иесі бар. Кімнің атындағы жер? Прокуратура аты-жөнін жарияласын. Жерді алғанына қарсы емеспін, бірақ алған жерді пайдалансын. Аграрлық секторда да қараусыз қалған жерлерді мүк басып, басқа жерге зиянын келтіріп жатыр. Сондықтан, жерді жұмыс істейтін адамға беру керек. Ол үшін Мемлекеттік қызметтер туралы заңды жедел түрде жаңарту қажет», — деді Президент. Сондай-ақ, халықтың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керек. «Мемлекеттік қызмет көрсетуде халық пен мемлекеттік қызметші арасындағы тікелей қатынас азаяды. Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 проценті, ал 2020 жылы — кемінде 90 проценті электронды форматқа көшірілуі тиіс», — деді Н. Назарбаев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді