
Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында бірқатар тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ең маңызды мәселелердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту. Табысынан ешқандай төлем жасамайтындар бар және тиісінше, олар зейнетақы жүйесімен және әлеуметтік қолдау шараларымен толыққанды қамтылмаған. Осыған байланысты қажетті заңнамалық өзгерістер жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылады. Оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сонымен қатар, зейнетақымен қамсыздандыруға қатысуға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы. Назарбаев бұл өзгерістердің жыл соңына дейін қабылдануы керек екенін мәлімдеді. «Бұл міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға өтуге байланысты ерекше өзекті», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.