jasqazaq.kz

Елбасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

19 шiлде 2018, 16:44

Қазақстан Президенті Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Үкіметтің 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келе жатқанына қарамастан, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар тұрғындарды толық қамтымай отырғанын айтты. «Бірінші жартыжылдық аяқталды. Көрсеткіштер өсіп келеді. Жалпы, халықтың әл-ауқаты жақсы. Біз индустриялық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағдарламалар қабылдадық. Алайда, жергілікті атқарушы органдар мен министрліктер оларды толық орындамай отыр, бекітілген бағдарламалар өңірлерге жетпей жатыр», — деді Мемлекет басшысы. Елбасы коммуналдық қызмет көрсету тарифтерінің өскеніне және еліміздегі жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының қымбаттағанына тоқталып, медициналық қызмет пен білім сапасының төмендеп бара жатқанын атап өтті. «Коммуналдық қызметтердің бағасы өсті. Медициналық қызмет көрсету нашарлады. Білім алу қымбаттап барады. Жастар біздің университеттердегі білім сапасының төмендігіне байланысты Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайтын болды. Біздің қоғамда осындай проблемалар жиі көтерілуде», — деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін арттыру, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманы» және инфрақұрылымдық даму бағдарламасын сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірлерде жол салу мәселесіне де назар аударды. Соңында Қазақстан Президенті Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді және олардың жүзеге асырылуына мұқият бақылау жасауды тапсырды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді