jasqazaq.kz

Елбасы Азат Перуашевті қабылдады

22 қараша 2018, 14:32

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі, төменгі палата депутаты Азат Перуашевті қабылдады.

Кездесуде Елбасы саяси ұйым атқарып жатқан жұмыстарды саралап, ұсыныстарын да тыңдады. Сондай-ақ партияның мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын айтты. Ал Азат Перуашев Президент Жолдауы аясында отандық бизнесті дамыту тетіктерін сөз етті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Көптен бері «Ақжол» партиясын басқарып келе жатсын. Депутаттардың ішінде ардагерсің. Істеп жатқан жұмысыңның бәрі белгілі. Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ДП фракциясының жетекшісі: – Мемлекет басшысына «Ақ жол» партиясы жүзеге асырып жатқан жұмыстарды баяндап бердім. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын көтеруді көздейтін Жолдау аясындағы істерге кеңірек тоқталдым. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» мен «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламалары бойынша және жалпы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған өз ұсыныстарымызды ортаға салдым.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді