jasqazaq.kz

Елбасы: Астананы газдандыру мәселесі 1,5 жылда шешілуі тиіс

05 наурыз 2018, 13:50

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы газдандыру мәселесін 1-1,5 жылда шешуді тапсырды.

ҚР Президенті Қызылордадағы Қараөзектен Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана арқылы магистралды газ құбыры салынатын мәлім етті. «Бүгінде республикадағы газдандыру деңгейі шамамен 50 процентті құрайды. Батыс пен оңтүстіктегі 9 облыс газбен қамтамасыз етілді. Орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз қалып отыр. Осыған байланысты мен Қызылорда облысындағы Қараөзек жерінен Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана арқылы бойынша магистралды газ құбырын салуымыз керек деп ойладым. Бұл 2 млн 700 мың адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, Арқаның экологиялық ахуалына жақсы әсер ететін болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында. Президенттің айтуынша, газдандыру мәселесі алдағы 1-1,5 жылда шешілуі тиіс және бұл Астанадағы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын едәуір азайтпақ. «Біз тұңғыш рет батыстағы газды оңтүстік арқылы Шымкент-Алматыға дейін жеткіздік. Мүмкіншілік бар. Сондықтан, бұл мәселені шешетін болсақ, Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуы 6 есеге немесе 35 мың тоннаға азаяды. Сарыарқаның сары желі бәрін алып кетеді деген ой бізде болды. Дегенмен, кейінгі кезде көріп жүрміз. Қалада тұрғынның және көліктің көбеюіне байланысты, екі ЖЭО-ны қатар көмірмен жаққан кезде қаланың үстінде ылғи тұман тұратын болды. Одан кетуіміз керек. Қала әкімшілігі де жұмыс істеп жатыр. Егер мына мәселені шешсек, жолшыбай қанша адамға жеңілдік болады. Мұны бір-бір жарым жыл ішінде шешу керек», — деп атап өтті Президент. Елбасы Қараөзек — Жезқазған — Қарағанды — Теміртау — Астана бағытындағы магистралды газ құбыры арқылы еліміздің солтүстігіндегі Павлодар, Петропавл, Көкшетау қалаларын да газбен қамтамасыз ету қарастырылатынын жеткізді. Бұл үшін жобаға Үкімет халықаралық қаржы институттарынан тиісті қаржыландыру тартуы тиіс.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде