
Мемлекет басшысы бұл шара Қазақстан үшін VI өнеркәсіп төңкерісі жағдайында маңызды әрі өзекті екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 әлемдік көрмесі аумағында орналасқан Astana Hub халықаралық технопаркін ашты. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Мемлекет басшысы бұл шара Қазақстан үшін VI өнеркәсіп төңкерісі жағдайында маңызды әрі өзекті екенін атап өтті.
«Әлем қалай жылдам өзгеріп жатқанын бәріміз білеміз, интернет заттары, жасанды интеллект, технология мен блокчейн адамзат өмірінің барлық саласына белсенді түрде еніп жатыр. Бұл жылдам дамуға деген тенденцияға әкеледі. Цифрландыру дамудың ең бір негізгі факторына айналды. Әлемнің жетекші елдері цифрландыруға байланысты стратегиялық құжаттарын қабылдады. Қазақстанда да аталған бағыт бойынша кешенді жұмыс жүруде», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елде өнеркәсіп тоқтап, дүкен сөрелері бос қалғанын, зейнетақы мен жалақы төленбегенін еске түсірді. Оның сөзінше, сол кездері экономиканы жылдам приватизациялау жұмысы жүрген.
«Үшінші модернизацияны жаңа кезеңді, жаңа технология, цифрландыруды ескере отырып жүргізудеміз. Қазір алғашқы нәтижені көріп отырмыз. Азаматтардың 70 пайызы электронды денсаулық паспортына ие, 90 пайыздан аса мектеп қаржы саласында цифрлы ағарту ресурстарымен қамтамасыз етілген, кеден декларациясы 100 пайыз электронды нұсқада рәсімделеді», – деді Мемлекет басшысы.
Президент экономика саласында цифрлы технологияны енгізуде, өнеркәсіпті «ақылды» өндіріске кезең-кезеңімен аударуда кешенді жұмыс жүріп жатқанын қоса айтты, сондай-ақ ірі қалаларға тұрғындардың өмірін жақсарту үшін SMART-city компоненттері енгізілуде.
Нұрсұлтан Назарбаев әр ауылға кең жолақты Интернетті енгізуде ауқымды жұмыс жасалып жатқанын жеткізді, 2021 жылдың соңында ауылдардың 82 пайызына Интернет жетеді.
Президент Hub базасында жаңа IT- университетінің құрылғанын айтты, ол 2019 жылдың 1 қыркүйегінде жұмысқа кірісіп, IT-технология мамандарын дайындайтын болады.
«Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық эко-жүйенің ядросы атанады. Технопарк қатысушылары оңайлатылған визалық және еңбек режимін қолданады, салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Оның базасында менторства институты құрылды, сарапшылар стартап-топтарды сүйемелдейтін болады», – деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы құрастырылған IT-хабқа таңырқағанын айтты, енді оның негізгі міндеті IT-таланттарды жаңадан генерациялау болмақ.