jasqazaq.kz

Елбасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады (видео)

25 қантар 2018, 16:37

Кездесуде Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау үшін атқарылған шаралар жөнінде баяндалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

– Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30 пайызға өсуі керек, ол ақшаға шаққанда 2 триллион теңгеден асады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнестің қатысуы қажет екенін атап өтті.

– Цифрландыру бағдарламасы бекітілді. Мемлекет оған аз ақша бөліп отырған жоқ, сондықтан олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету керек, – деді Мемлекет басшысы.

Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президентіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер жөнінде мәлімдеді.

– Цифрландыруды енгізудің арқасында өндіруші өнеркәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ, электронды коммерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп отырмыз. Біздің есебіміз бойынша, тек кеден және салық қызметтерін цифрландыру нәтижесінде мемлекет қазынасына 100 миллиард теңгеден астам қаржы түседі, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткізуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде