jasqazaq.kz

Елбасы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына барды

07 қыркүйек 2018, 14:16

Қазақстан Президенті «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына барды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қара металл прокатын шығаратын Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірін аралап көрді. Елбасы сұрыпты прокат өндіру технологиясымен және металлургия комбинатын одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына ЖЭО-1 және ЖЭО-2 орталықтарын қайта жөндеу жоспары, сондай-ақ өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер туралы баяндалды. Елбасы кәсіпорынның еңбеккерлерімен кездесіп, әңгімелесті. «Қазір зауыт аумағында бойымды ерекше бір сезім баурап алды. Мен мұнда алғаш рет 1958 жылы кірген едім. Ол кезде бұл жерде ештеңе болған жоқ. Барлығы менің көз алдымда салынды», — деп Қазақстан Президенті еске алды. Нұрсұлтан Назарбаев комбинат металлургтары мен еңбеккерлерінің жұмысы ауыр екенін атап өтіп, Теміртау қаласы мен зауытқа қатысты жағдайды үнемі өз бақылауында ұстайтынын айтты. Әңгіме барысында Елбасы компания басшылығына қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі зор екенін ескертті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қалада медициналық, білім беру және спорт нысандарының санын көбейту қажеттігін атап өтті. Зауыттың еңбек ұжымы өкілдері Қазақстан Президентінің бастамаларына және елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді