jasqazaq.kz

Елбасы Алматыға қоныс аударғандарға жер бөлуге тапсырма берді

04 қыркүйек 2018, 20:56

Алматы шекарасын ұлғайту тиімсіз! Бүгін жұмыс сапарымен алып шаһарға келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаланың бас жоспарымен танысты. Елбасы қала тұрғындарының саны ұдайы өсетіндіктен аудандарды көркейтуге күш салу керектігін қадап айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Президенттің сапары Алматы көшелерін аралаумен басталды. Алдымен шаһар басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жаз бойы қайта жөндеуден өткен Абай мен өзінің есімі берілген даңғылдарды көрсетті. Әсіресе, жолы тегістеліп, абаттандырылған жаяу жүргіншілер мен веложолақтар адам танымастай өзгерген. Мемлекет басшысына жақында іске қосылған Тимирязев пен Жандосов көшесіндегі жүрдек автобустарға арналған жолақтар да таныстырылды. Президент Алматы қаласының индустриялды аймағына ат басын бұрып, аумақта орналасқан бірқатар өндіріс нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Тау етегіндегі қаланың басты мәселелерінің бірі — лай көшкіні мен сел екені белгілі. Осы орайда, таулардың беткейлерін нығайтатын, арналар мен бөгеттерді қалпына келтіретін өнімдер шығаратын жаңа технологиялы жапон-қазақ бірлескен зауытын да аралады. Зауыттан шыққан болат арқандар Президентке көрсетілді. Мемлекет басшысы электроавтобустарға отырып, оның артықшылықтарын өз көзімен көрді. Жылына 100 заманауи қоғамдық көлік жасайтын компанияның басты мақсаты қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосу екен. Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистің бас жоспарымен танысып, негізгі міндеттерді Бауыржан Байбекке жүктеді. Соңғы 10 жылда Алматы көлемі 2 есеге өскен.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

-Біз қаласақ та, қаламасақ та Алматыға келіп-кететіндер көп болады. Мұндай халық нөпірінің жүріп-тұруына жағдай жасалуы қажет. Қаланың ішінде жер жоқ. Мұнда көшіп келетіндерге үй салуы үшін мүмкіншілік жасау керек. Қаланың бас жоспарын жасағанда көлік, көше, жолаушылар жолағына дейін қарастыруды ұмытпаған жөн.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді